Todayinfo.kz
Жаңалықтар

10 жыл ауырған бала қатерлі ісіктен айықты: дәрігерлер оның өз жасушасын қолданды

Германияда 10 жыл бойы қатерлі ісікпен күрескен 17 жастағы Майло толық айықты. Дәрігерлер оның өз иммундық жасушаларын қолданған.

Авторы Мухтар Жексенбаев (журналист)··1 мин оқу
10 жыл ауырған бала қатерлі ісіктен айықты: дәрігерлер оның өз жасушасын қолданды

Германияда дәрігерлер 10 жыл бойы қатерлі ісікпен күрескен 17 жастағы жасөспірімді эксперименталды жасушалық терапия арқылы толық емдеп шығарды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Гейдельберг қаласындағы Hopp-Kindertumorzentrum орталығының мамандары Майло есімді бозбаланың ісігі толық жойылғанын мәлімдеді. Бұған дейін химиотерапия метастаздарды тоқтата алмаған соң, онкологтар науқастың өзгертілген Т-жасушаларын қолдану туралы шешім қабылдаған.

Бұл әдіс бойынша жасөспірімнің өз иммундық жасушалары алынып, олар ісіктің арнайы ақуызын танитындай етіп генетикалық түрде «үйретілген».

"Инфузиядан кейін 120 күн өткенде оның ағзасында қатерлі ісіктің тірі жасушалары мүлдем қалмағаны анықталды", - делінген орталық хабарламасында.

Бұл – балалар онкологиясы үшін үлкен серпіліс саналады. Себебі бұрын мұндай терапия негізінен лейкоз сияқты қан ауруларын емдеуде ғана қолданылып келген еді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар