Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

17 жыл құлдықта ұстаған апалы-сіңлінің қамқоршысы өзге балаларды да ұрып-соғатыны белгілі болды

Жақында желіде туған аға-жеңгесі 17 жыл құлдықта ұстаған апалы-сіңлілердің бірінің қол-аяғы, аузы скотчталғаны түсірілген фото тараған еді. Кеше Құндыз өзін қамқоршысы байлап тастағанын мәлімдеді. Ал бүгін Зүлфия Төленованың өзге де асыранды балаларды ұрып-соғатыны белгілі б

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
17 жыл құлдықта ұстаған апалы-сіңлінің қамқоршысы өзге балаларды да ұрып-соғатыны белгілі болды
Жақында желіде туған аға-жеңгесі 17 жыл құлдықта ұстаған апалы-сіңлілердің бірінің қол-аяғы, аузы скотчталғаны түсірілген фото тараған еді. Кеше Құндыз өзін қамқоршысы байлап тастағанын мәлімдеді. Ал бүгін Зүлфия Төленованың өзге де асыранды балаларды ұрып-соғатыны белгілі болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, оқиғаның жай-жапсарын баяндаған. Ол қиналып жүрген Құндыз бен Назгүл ғана емес екенін, өзге асыранды балалардың да зардап шегіп жүргенін айтты. Кадрлардан Зүлфия Төленованың жасөспірімді шашынып жұлып, жұлқығаны, тағы бір ұлын шапалақпен ұрғаны көрінеді. Қамқоршының өзі бұл әрекетін “балалар мені мүлде тыңдамайды” деп түсіндірді.
“Үйге дайындап қойған тамақты көшедегі итке тасиды. Қарап тұрып дәретін сындыра салады. Мен оған не істеуім керек? Мен қазір біреудің баласы түгілі, өз немереме қарағым келмей кетті. Өйткені тыңдамайды, не істеймін басқа?” – деді ол.
Руслан Өтепбайдың мәліметінше, 2025 жылғы 29 желтоқсанда асыранды балалардың арызы бойынша Зүлфия Төленованың үстінен ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ журналист Зүлфия Төленова ішімдік ішіп алып, балалардың мазасын алып, бірнеше рет қол көтергенін жазды. Оның айтуынша, дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алайда қамқоршы бұл ақпаратты “жала” деп атады. Желіде туған аға-жеңгесі 17 жыл құлдықта ұстаған апалы-сіңлілердің бірінің қол-аяғы, аузы скотчталғаны түсірілген фото тарады. Аталған жәйт қазақстандықтарды шошытып, қызу талқыға түсті. Жағдайды журналист Руслан Өтепбай Instagram парақшасында мәлімдеді.
“Қамқоршысы асырап алған қызының аузы мен қол-аяғын скотчтап тастаған. Анығын білейін деп, қамқоршысы Зүльфияға хабарластым. Бірақ әңгімесі қисынға келмейді. Байлаған мен емес деп ақталып жатыр. Мен сенбеймін. Тараз қаласының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің мамандары, Тараз қаласының полиция департаменті мына мәселені назарға алыңыздар!” – деп журналист полицияға жүгінген.

Ұқсас материалдар

17 жыл құлдықта ұстаған апалы-сіңлінің қамқоршысы өзге балаларды да ұрып-соғатыны белгілі болды · Todayinfo