«189 млн теңгеден аса сома заңсыз аударылған»: Жетісу облысында аудан әкімінің орынбасары сотталды
Фото: aikyn.kz Алакөл ауданының Арқарлы ауылында электр желілерін салу және қайта жаңғырту кезінде аудан әкімінің орынбасары қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, іс жүзінде орындалмаған жұмыстар туралы актілерге қол қойған. Нәтижесінде бюджет есебінен 189 млн теңгеден астам со

Фото: aikyn.kz
Алакөл ауданының Арқарлы ауылында электр желілерін салу және қайта жаңғырту кезінде аудан әкімінің орынбасары қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, іс жүзінде орындалмаған жұмыстар туралы актілерге қол қойған. Нәтижесінде бюджет есебінен 189 млн теңгеден астам сома заңсыз аударылған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, мемлекеттік айыптау ҚР ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы (ауыр салдарға әкеп соққан қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану,) бойынша қылмыс жасаған лауазымды тұлғаның кінәсін толық дәлелдеді.
Алакөл аудандық сотының үкімімен ауданәкімінің орынбасары мүлкін тәркілемей, 5 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Қабылданған шаралар қадағалау органының қағидатты ұстанымын көрсетеді: атқаратын лауазымына қарамастан заңалдында барлығы тең.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·