Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Екі күндік тамағына 37 мың доллар»: Дженнифер Лопестің концерттен қанша млн доллар пайда тапқаны белгілі болды

Америкалық поп-дыбысы Дженнифер Лопес Астанадағы шоуынан кейін Ереванға ұшып барды. Әнші 3 тамыз күні Армения астанасындағы Республикалық стадионда UP ALL NIGHT турының аясында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Todayinfo. Армян ақпарат құралдарының хабарлауынша, концертке әлемнің тү

Авторы Жаннұр Еділбаева··2 мин оқу
«Екі күндік тамағына 37 мың доллар»: Дженнифер Лопестің концерттен қанша млн доллар пайда тапқаны белгілі болды
Америкалық поп-дыбысы Дженнифер Лопес Астанадағы шоуынан кейін Ереванға ұшып барды. Әнші 3 тамыз күні Армения астанасындағы Республикалық стадионда UP ALL NIGHT турының аясында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Todayinfo. Армян ақпарат құралдарының хабарлауынша, концертке әлемнің түкпір-түкпірінен 15 мыңнан астам жанкүйер келген. Концерттің жалпы бюджеті – 6 млн доллар. Бұл қаражат 2023 жылы өтпей қалған Снуп Догтың шоуына бөлінген, кейін Лопестің концертіне бағытталған. Жалғыз Джей Лоның өзі бұл кештен 2,5 млн доллар пайда тапқан. Бірақ бұнымен тоқтамайды – ұйымдастырушылар қалған соманы да жіліктеп тастаған: $185 000 – әншінің командасын қонақ үйге орналастыру $37 000 – Джей Лоның екі күндік тамағы $15 000 – шоу продюсерінің гонорары $76 400 – техникалық директордың қызметі $26 800 – көлік, логистика және қабылдау тобының жалақысы $15 600 – сатып алу бойынша кеңестер $11 400 – заңгерлік қызметтер $11 400 – бухгалтерлік шығындар $22 100 – көлік жалдау және жабдықты тасымалдау Армениялықтар арасында бұл шығындар қоғамда қызу талқыланып жатыр. Әсіресе, екі күнге арналған ас мәзірінің құны – 37 мың доллар деген ақпарат жұрттың жағасын ұстатты. Фото: @JLO

Ұқсас материалдар

«Екі күндік тамағына 37 мың доллар»: Дженнифер Лопестің концерттен қанша млн доллар пайда тапқаны белгілі болды · Todayinfo