Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«48 жаста сияқтысыз, неге өзіңізге қарамайсыз?»: Желіде «коучсымақ» ерекше баласы бар ананы көпшілік көзінше қорлаған

Фото: видео скриншот Желіде коуч әрі психолог ретінде танылып жүрген Бақытбай Сабырбек есімді азаматтың терапиясы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сүйенсек, ол бір топ әйелге топтық терапия өткізген. Алайда жи

Авторы Айғаным Нариманова··2 мин оқу
«48 жаста сияқтысыз, неге өзіңізге қарамайсыз?»: Желіде «коучсымақ» ерекше баласы бар ананы көпшілік көзінше қорлаған

Фото: видео скриншот

Желіде коуч әрі психолог ретінде танылып жүрген Бақытбай Сабырбек есімді азаматтың терапиясы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сүйенсек, ол бір топ әйелге топтық терапия өткізген. Алайда жиын барысында ерекше баласы бар ананы көпшіліктің көзінше кемсітіп, этикаға сай келмейтін сөздер айтқан. Бұл жағдай желі қолданушыларының ашуын туғызды.

Көмек сұрап келген әйел өзін таныстыра отырып, 37 жаста екенін және ерекше баласы барын айтқан. Алайда коуч оның сөзін қолдаудың орнына, сырт келбетіне тиісіп, «48 жаста сияқтысыз, неге өзіңізге қарамайсыз?» деп көптің алдында қорлаған. Одан бөлек, осы сәтті видеоға түсіріп, өз парақшасына жариялағаны көпшіліктің наразылығын күшейтті.

Желі қолданушылары мұны кәсіби әдепке, адамгершілікке мүлде жат әрекет деп бағалап отыр. Олардың айтуынша, аутизм мен ерекше балалар тақырыбынан бейхабар адамның өзін психолог ретінде көрсетуі – қоғам үшін қауіпті құбылыс.

Сондай-ақ аталмыш коучтың «баланың дамымауына анасының ер адамдарды менсінбеуі себеп» деген пікірі тіпті жұрттың ашу-ызасын тудырды. Көпшілік мұндай «разборлардың» ғылыми да, моральдық та негізі жоқ екенін айтуда.

Әлеуметтік желіде бұл жағдайға байланысты «псевдопсихологтарға бойкот жариялау керек» деген пікірлер жиі айтыла бастады. Қолданушылардың сөзінше, күйзеліске түскен, шарасыз ана көмек іздеп барған, ал оны айыптау – мәселені одан әрі ушықтыру ғана.

Оқырмандар не дейді?

Желіде жарияланған жазбаның астында жүздеген пікір қалдырылған. Кейбірі төмендегідей:

«Бұл – терапия емес, ашық қорлау. Психолог ең алдымен адамға қауіпсіз орта қалыптастыруы керек»

«Ерекше баланың анасына тас ату оңай. Ал оның күнде не көріп жүргенін бір сәт ойлап көрді ме?»

«Аутизмнің не екенін білмейтін адам қалайша психолог бола алады?»

«Күйзелістегі адам көмек сұрап келеді, ал мұндай “мамандар” оны одан сайын жаралайды»

Қоғам белсенділері мұндай жағдайлар бақылаусыз қалған коучинг пен псевдопсихологияның қауіпті екенін тағы бір мәрте көрсетті деп отыр.

Ұқсас материалдар

«48 жаста сияқтысыз, неге өзіңізге қарамайсыз?»: Желіде «коучсымақ» ерекше баласы бар ананы көпшілік көзінше қорлаған · Todayinfo