Todayinfo.kz
Батыс Қазақстан

Әнуар Бимағамбет: Мемлекеттің жалғыз ресми тілі – қазақ тілі

Мемлекеттің жалғыз ресми тілі – қазақ тілі. Маңғыстаулық ақын Әнуар Бимағамбет Жаңа Конституция жобасындағы қазақ тілінің мәртебесі жайлы әлеуметтік желіде жазба жариялап, пікірін айтты. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. "Жаңа Конституция қазақ тілін тұғырына

Авторы Мерей Сардарбаев··1 мин оқу
Әнуар Бимағамбет: Мемлекеттің жалғыз ресми тілі – қазақ тілі
Мемлекеттің жалғыз ресми тілі – қазақ тілі. Маңғыстаулық ақын Әнуар Бимағамбет Жаңа Конституция жобасындағы қазақ тілінің мәртебесі жайлы әлеуметтік желіде жазба жариялап, пікірін айтты. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
"Жаңа Конституция қазақ тілін тұғырынан тайдырып, шектеп отыр ма? Жоқ! Керісінше, сол мемлекеттің жалғыз ресми тілі – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай бекітті. Тек Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілін қатар қолдануға болатындығы көрсетілді. Кейбір жиындар мен шаралардың арасында ағылшынша да сөйлеп жатқанын естіп жүрміз ғой. Яғни, қазақ тілінің дамуы мен қолданыс аясының кеңеюіне жаңа Конституция қандай да бір тежеу қойып отырған жоқ. Керісінше Конституция оған толық жол ашып отыр. Мысалы өзім тұратын және өзім қызмет еткен Маңғыстауда, Маңғыстаудың облыстық әкімдігінде жиналыстардың барлығы да қазақ тілінде өтіп келеді. Ал облыс әкімінің бұл мәселеде көзғарасы айқын. Кеше ғана өткен жиналыстағы оның пікірін тыңдап көріңіз", - деп жазды ол.
 

Ұқсас материалдар