Ресей Сыртқы істер министрлігі БАҚ пен әлеуметтік желілерде тараған AZAL ұшағы апатына байланысты сақтандыру төлемдері жасалмаған деген мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Оқ тиген ұшақтағы адамдардың кейбіріне өтемақы төлене бастаған, деп хабарлайды Todayinfo.
Ақтау қаласына жақын маңда болған апатқа қатысты бірқатар ақпарат көздерінде сақтандыру төлемдері төленбеді деген хабар тараған еді.
«Әзербайжан Әуе жолдары» компаниясына ұшақтың толық сақтандыру құны ретінде 1,003 миллиард рубль өтемақы төленді. Сонымен қатар жолаушылар мен қаза тапқандардың отбасыларына сақтандыру төлемдері жасалды. Жалпы сома 358,4 миллион рубльді құрады», - делінген Ресейдің мәлімдемесінде.Оның ішінде:
- Ресейдің 15 азаматының 7-уіне,
- Әзербайжанның 38 азаматының 35-іне,
- Қырғызстанның 3 азаматына толық,
- Қазақстанның 6 азаматының 1-іне сақтандыру төлеген.




