АҚШ-тың Атланта қаласында Президенттікке үміткерлер арасындағы алғашқы дебат өтті. Екі сағатқа созылған пікірталасты 70 миллионнан астам адам тікелей көрсетілім арқылы тамашалады.
Дебатта экономика, миграция, сыртқы саясат және әлеуметтік мәселелер талқыланды. Сарапшылардың пікірінше, екі үміткер де өз позицияларын анық жеткізді.
Сауалнамалар бойынша, дебаттан кейін рейтингтер арасындағы алшақтық 3-4 пайызға қысқарды.




