Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды
Алматы облысы әкімінің бұйрығымен Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің басшысы - баспасөз хатшысы болып Нұрақын Дияс Ермекұлы тағайындалды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Алматы облысы, Кеген ауданының тумасы, 1987 жылы дүниеге келген. 2004–2008 жылдары Әл-Фара

Алматы облысы әкімінің бұйрығымен Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің басшысы - баспасөз хатшысы болып Нұрақын Дияс Ермекұлы тағайындалды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облысы, Кеген ауданының тумасы, 1987 жылы дүниеге келген. 2004–2008 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетін тәмамдаған. 2008–2010 жылдары Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университеті экономика факультетінде білім алған.
Еңбек жолын 2006–2007 жылдары мемлекетаралық «МИР» телеарнасында аудармашы-редактор болып бастаған. 2007–2008 жылдары КТК телеарнасында «Репортер», «Алаң жұрт» бағдарламаларында редактор қызметін атқарды. 2008–2009 жылдары республикалық «Жас Қазақ» газетінде арнаулы тілші болды.
2009–2015 жылдары Жетінші арна жаңалықтар қызметінде тілші болып еңбек етті. 2015–2016 жылдары «КТК» телеарнасының жаңалықтар тілшісі, «Аптап» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының шығарушы-редакторы қызметтерін атқарды. 2016 жылдан бастап «КТК» телеарнасы жаңалықтар қызметінің аймақтардағы қосынының редакторы болып жұмыс істеді.
БАҚ саласы бойынша Президент грантының иегері.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Зейнетақы жинақтарына қатысты өзгеріс енгізілді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Швеция Королін құттықтады
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Новое уголовное дело появилось в расследовании ДТП на Аль-Фараби
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Снявших ролик в общественном туалете астанчан привлекли к ответственности
Жаннұр Еділбаева·