Todayinfo.kz
Жаңалықтар

Қазақ қыздарын балағаттаған шетелдіктерге қатаң жаза қолданылды

Алматыда қазақ қыздарының намысына тиетін сөздер жазған екі шетел азаматы ұсталды. Сот шешімімен олар 15 тәулікке қамауға алынды.

Авторы Мухтар Жексенбаев (журналист)··1 мин оқу
Қазақ қыздарын балағаттаған шетелдіктерге қатаң жаза қолданылды

Алматыда қазақ қыздарына әлеуметтік желіде тіл тигізген екі шетел азаматы 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Медеу аудандық полиция басқармасы екі шетелдікке қатысты әкімшілік іс қозғаған. Олардың Threads әлеуметтік желісінде қазақстандық қыздардың намысына тиетін, әдепсіз сөздер жазып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталды.

"Аталған азаматтардың әлеуметтік желіде қоғамдық тәртіп пен заңнама талаптарын бұзып, әдепсіз сөздер айтқаны анықталды. Іс материалдары мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жіберілді. Сот шешімімен екі құқық бұзушы да 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - деп хабарлады полиция департаменті.

Бұл оқиға әлеуметтік желіде үлкен талқыға түсіп, қоғамның ашу-ызасын тудырған еді. Қолданушылар шетелдіктердің әрекетін қатаң сынап, оларды жауапқа тартуды талап еткен болатын.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар