Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Алматыда мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматыда «Батыр» Президенттік полкінің әскерилері салтанатты түрде ту көтеріп, әнұран жаппай шырқалды. Патриоттық іс-шара «Медеу биік таулы спорт кешенінде өтті. Салтанатты іс-шараға Алматы әкімі Ерболат Досаев, мәдениет және спорт қайр

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
Алматыда мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматыда «Батыр» Президенттік полкінің әскерилері салтанатты түрде ту көтеріп, әнұран жаппай шырқалды. Патриоттық іс-шара «Медеу биік таулы спорт кешенінде өтті. Салтанатты іс-шараға Алматы әкімі Ерболат Досаев, мәдениет және спорт қайраткерлері, қоғам, ҚХА және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Іс-шараға барлығы мыңнан астам адам қатысты. Қала аудандарында да мерекелік іс-шаралар мен әнұран салтанатты түрде орындалды. Алматы тұрғындары саябақтарда, мектептерде және басқа да қоғамдық орындарда еліміздің әнұранын орындады. Мерекелік іс-шаралар «Алатау» дәстүрлі өнер театрында мерекелік концерт және Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің «Менің елім» патриоттық концертімен аяқталады.

Ұқсас материалдар

Алматыда мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті · Todayinfo