Алматы жастары коммуналдық қызметкерлерге ыстық шәй таратты
Алматы қаласында комьюнити-орталықтардың резиденттері қала тазалығы мен инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп жүрген коммуналдық қызметкерлерді қолдау мақсатында әлеуметтік акция өткізді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Іс-шара аясында жас белсенділер к

Алматы қаласында комьюнити-орталықтардың резиденттері қала тазалығы мен инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп жүрген коммуналдық қызметкерлерді қолдау мақсатында әлеуметтік акция өткізді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шара аясында жас белсенділер коммуналдық мекеме қызметкерлеріне ыстық шай мен жеңіл дәмдер ұсынып, олардың еңбегіне ризашылықтарын білдірді.
Акция қаланың әртүрлі аудандарында өтіп, комьюнити-орталықтардың резиденттері, волонтерлер және белсенді жастарды біріктірді. Қатысушылар күнделікті тынымсыз еңбек етіп жүрген қызметкерлерге алғыс айтып, зор денсаулық пен амандық тіледі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар жастар арасында өзара құрмет пен әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Комьюнити-орталықтар тек өзін-өзі дамыту кеңістігі ғана емес, сондай-ақ игі істер жүзеге асатын және қала тұрғындарын біріктіретін маңызды алаңға айналып келеді.
Адам еңбегін құрметтеу, волонтерлік қозғалысты дамыту және жастарды әлеуметтік маңызы бар жобаларға тарту — Алматыдағы комьюнити-орталықтардың негізгі бағыттарының бірі. Осындай акциялар қоғамдағы ынтымақтастықты нығайтып, жас ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.
Ұқсас материалдар

Алматы
В Алматы открылся второй экохаб
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
Алматыда екінші экохаб ашылды
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
10 бағыт – бір тәсіл: Алматыдағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасында балаларға арналған құзыреттілік орталық ашылды
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
Алматының шығыс бөлігінде Almaty Promenade жобасы жүзеге асырылады
Жаннұр Еділбаева·