АҚШ президенті Дональд Трамп Аляскада Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесуден кейін бірден Украина президенті Зеленский де қатысатын үшжақты кездесу өткізгісі келетінін, "егер ола қаласа, оған өзі де қатысатынын" айтты.
Дональд Трамп егер Ресей Украинадағы соғысты тоқтатуға келіспесе, “салдары өте күрделі” болады деп ескертті.
Оның айтуынша, Путинмен кездесу “қазір қай жерде тұрғанымызды” және “не істеп жатқанымызды” анықтау үшін керек. АҚШ президенті сонымен бірге Путиннен “тиісті жауаптар” алынбаса, ендігәрі мұндай кездесу өтпейтінін де жеткізді.
Бұған дейін Ақ үйдегі дереккөздерге сүйенген CBS News үшжақты кездесуге дайындық та басталып қойғанын хабарлаған. Ақпарат құралы Трамп үшжақты келіссөз жөнінде алғаш рет 11 тамызда айта бастағанын да еске салды.
Сәрсенбі күні Украина президенті Владимир Зеленский және Еуропа басшыларымен сәрсенбі күнгі талқылауға тоқталған Трамп “өте жақсы кездесу” болғанын айтты.
АҚШ-Ресей саммиті 15 тамызда Аляскадағы Анкоридж әскери базасында өтпек.
АҚШ Аляскадағы саммиттен кейін Зеленский және Путинмен үшжақты кездесуді ұйымдастырмақшы
АҚШ президенті Дональд Трамп Аляскада Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесуден кейін бірден Украина президенті Зеленский де қатысатын үшжақты кездесу өткізгісі келетінін, "егер ола қаласа, оған өзі де қатысатынын" айтты. Дональд Трамп егер Ресей Украинадағы соғысты тоқтатуға ке

Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Казахский тазы триумфально представлен на World Dog Show 2026 в Болонье
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Көргенсіздік»: Кесені кеудесіне киген қыздың фотосы жұртты шулатты
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Миллионы на творчество: как государство поддерживает молодых казахстанцев
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Грант, сыйлық, шәкіртақы: дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар
Жаннұр Еділбаева·