Todayinfo.kz
Жаңалықтар

АҚШ Иранға басып кірмек: америкалықтарға БАӘ-ден шұғыл кетуге кеңес берілді

The New York Times басылымы АҚШ-тың Иранға қарсы құрлықтағы операция бастауға шешім қабылдағанын жазды. БАӘ-дегі азаматтарға ескерту жасалды.

Авторы Мухтар Жексенбаев (журналист)··1 мин оқу
АҚШ Иранға басып кірмек: америкалықтарға БАӘ-ден шұғыл кетуге кеңес берілді

The New York Times басылымының хабарлауынша, АҚШ Иранға қарсы құрлықтағы әскери операцияны бастау туралы шешімді қабылдап қойған, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Басылымның дереккөзіне сәйкес, бұл шешім жоғары деңгейде бекітілген және Таяу Шығыстағы шиеленісті жаңа деңгейге шығаруы мүмкін. Алайда операцияның нақты қашан басталатыны әзірге құпия сақталып отыр.

Осы ақпарат тараған тұста АҚШ Мемлекеттік департаменті Біріккен Араб Әмірліктеріндегі америкалық азаматтарға арнап шұғыл үндеу жариялады. Ведомство өз азаматтарын қауіпсіз жерлерге жасырынуға шақырып, елдегі туристерге тез арада БАӘ аумағынан кетуге кеңес берді.

Бұл ескерту аймақтағы ықтимал қауіптің артқанын және АҚШ-тың өз азаматтарының қауіпсіздігіне алаңдаушылық танытып отырғанын көрсетеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар