«Біз Ирандағы үш ядролық нысанға – Фордо, Натанз және Исфаханға жасалған шабуылды сәтті аяқтадық. Барлық ұшақтар қазір Иран әуе кеңістігінен тыс жерде», – деп жазды Трамп.Фордо – Иранның ең қорғалған ядролық инфрақұрылым нысандарының бірі. Бұған дейін сарапшылар бұл нысанды тек 13 тонналық бункер бұзушы бомбалар ғана бұза алады деп мәлімдеген. Мұндай бомбаларды тек B-2 стратегиялық бомбалаушы ұшақтары тасымалдай алады. АҚШ бірнеше күн бұрын дәл осы ұшақтарды Иранға жақын аймақтарға орналастырған болатын. Fox News: АҚШ GBU-57 бомбаларын және Tomahawk зымырандарын қолданды Fox News арнасы АҚШ Ирандағы ядролық нысандарға жасаған шабуыл кезінде алты дана GBU-57 үлгісіндегі бункер бұзушы бомбаны пайдаланғанын хабарлады. Бұл бомбалар Фордо қаласындағы жерасты нысанасына B-2 бомбалаушы ұшақтарынан тасталған. Әрбір GBU-57 бомбасының салмағы 13 тоннадан асады, және оларды тек B-2 ұшақтары ғана алып жүре алады. Әр ұшақ екі дана бомба тасымалдауға қауқарлы. Сондай-ақ, Исфахан мен Натанз қалаларындағы ядролық нысандарға «Огайо» үлгісіндегі сүңгуір қайықтардан ұшырылған 30-ға жуық Tomahawk қанатты зымыраны қолданылған. Fox News тілшісі Дженнифер Гриффиннің әскери дереккөздерге сілтеме жасап хабарлауынша, Исфахан – шабуыл жасау тұрғысынан ең күрделі нысан болған. Фото: Reuters
Дональд Трамп мақтана әскерлерін құттықтады: АҚШ-тың жойғыш ұшақтары Иранның 3 қаласын бомбалады
АҚШ әскери-әуе күштері Ирандағы үш ірі ядролық нысанға соққы жасады. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social платформасында мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo . «Біз Ирандағы үш ядролық нысанға – Фордо, Натанз және Исфаханға жасалған шабуылды сәтті аяқтадық. Барлық

АҚШ әскери-әуе күштері Ирандағы үш ірі ядролық нысанға соққы жасады. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social платформасында мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.
Ұқсас материалдар

Өзгекті жазбалар
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·