Todayinfo.kz
Әлем

Трамп Мадуроны күштеп емес, мәмілеге келуді көздеген - The Wall Street Journal

The Wall Street Journal мәліметінше, АҚШ президенті Трамп Мадуроны күшпен құлатуды емес, алдымен келісіммен кетіруді көздеген.

Авторы Мухтар Жексенбаев (журналист)··1 мин оқу
Трамп Мадуроны күштеп емес, мәмілеге келуді көздеген - The Wall Street Journal
АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла мәселесіне Ақ үйге қайта оралған бойда қайта кірісті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. The Wall Street Journal дерегінше, Трамп бастапқыда Венесуэла басшысы Николас Мадуроны күш қолдану арқылы кетіруді емес, оны келісім арқылы биліктен өз еркімен бас тартуға көндіруді ойлаған. Бұл ұстаным Трамптың мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың қатаң бағытына сай келмегені айтылады. Басылымның жазуынша, Мадуро Трамп ұсынған келісімдердің бәрін кері қайтарып, қандай да бір мәмілеге барудан бас тартқан. Журналистердің мәліметінше, Венесуэла басшысы «ессіз соғысқа жоқ» деген мәтіні бар әнге билеп, АҚШ президентінің ашуын келтірген.

Ұқсас материалдар