Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Астанада Джей Лоның концертінде шу шығарған полицейдің әйелі тек айыппұлмен құтылып кетті

Астанада Дженнифер Лопестің концертінде шу шығарған шендінің әйеліне айыппұл салынды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. J.Lo концертінде қоғамдық тәртіпті бұзған көп балалы ананың ісі Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар сотында

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Астанада Джей Лоның концертінде шу шығарған полицейдің әйелі тек айыппұлмен құтылып кетті
Астанада Дженнифер Лопестің концертінде шу шығарған шендінің әйеліне айыппұл салынды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. J.Lo концертінде қоғамдық тәртіпті бұзған көп балалы ананың ісі Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар сотында қаралды. Сот мәліметінше, іс ұсақ бұзақылық дерегі бойынша қарады. 2025 жылы 1 тамызда сағат 21:00 шамасында әйел адам "Астана Арена" стадионында өзін агрессивті ұстаған, айналасындағыларды итеріп, келушілерге қолайсыздық тудырған.
“К.-ның кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және оқиға орнынан түсірілген видеомен расталды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша жаза 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салу, 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 5-тен 15 күнге дейін әкімшілік қамауға алуды көздейді”, – деп атап өтті сот.
Сот әйелдің бес баланың анасы екенін, оның ішінде 14 жасқа толмаған балалары барын ескерді. Осылайша әйел кінәлі деп танылып, 78 640 теңге айыппұл салынды. Шешім әлі күшіне енген жоқ. Бұған дейін, әйелдің Павлодар облысы полиция басшысының орынбасары Думан Қожахметовтың жұбайы екені айтылған еді. Ол концертте VIP-аймақта қонақтарға кедергі келтіріп, жанжал туғызған. Күзетшілер оны қолмен көтеріп алып шыққан. Instagram-да ол “Концерттен ерекше рахат алдым” деп жазған.

Ұқсас материалдар

Астанада Джей Лоның концертінде шу шығарған полицейдің әйелі тек айыппұлмен құтылып кетті · Todayinfo