Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Астанадағы ұшақ апатынан кейін 50-ге жуық жекеменшік әуе көлігі тексерілмек

Астана маңындағы ұшақ апатынан кейін Қазақстанның бірнеше қаласында жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі. Бұл туралы Көлік министрлігі арнайы хабарлама таратты. Қай әуе көліктері тексеріледі? Министрліктің мәліметінше, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ 2025 жылғы 22 маусым

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Астанадағы ұшақ апатынан кейін 50-ге жуық жекеменшік әуе көлігі тексерілмек

Астана маңындағы ұшақ апатынан кейін Қазақстанның бірнеше қаласында жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі. Бұл туралы Көлік министрлігі арнайы хабарлама таратты.

Қай әуе көліктері тексеріледі?

Министрліктің мәліметінше, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ 2025 жылғы 22 маусым мен 17 тамыз аралығында болған авиациялық оқиғаларға қатысы бар әуе кемелерін пайдаланушылардың жұмысын уақытша тоқтатты.

Ұшу қауіпсіздігін арттыру мақсатында:

  • Астана, Алматы және Қарағанды қалаларындағы 49 әуе кемесі тексеріледі;

  • Жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын бағалайтын ұйымдардың қызметі де бақылаудан өтеді.

Оқиғаға қатысты мәлімет

Айта кетейік, бұған дейін Астанадан 50 шақырым жерде жеңіл әуе кемесі апатқа ұшырап, бірнеше адамның қаза тапқаны хабарланған болатын.

Ұқсас материалдар