Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Асыранды балаларды ұрған»: 17 жыл құлдықта болған апалы-сіңлінің қамқоршысы туралы тың дерек шықты

Тараз қаласындағы қамқоршылық үйіне барған белгілі журналист Руслан Өтепбай жаға ұстатарлық деректермен бөлісті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Журналистің айтуынша, қиын жағдайға тап болған тек Құндыз бен Назгүл ғана емес. 2025 жылдың 29 желтоқсанында Зүлфия Төле

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Асыранды балаларды ұрған»: 17 жыл құлдықта болған апалы-сіңлінің қамқоршысы туралы тың дерек шықты
Тараз қаласындағы қамқоршылық үйіне барған белгілі журналист Руслан Өтепбай жаға ұстатарлық деректермен бөлісті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Журналистің айтуынша, қиын жағдайға тап болған тек Құндыз бен Назгүл ғана емес. 2025 жылдың 29 желтоқсанында Зүлфия Төленоваға қатысты ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Арызданушылар – асыранды балалар. Балалардың сөзінше, Зүлфия Төленова алкогольдік ішімдік ішкен күйі олардың мазасын алып, бірнеше мәрте қол көтерген. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол заң аясында жауапкершілікке тартылады. Бұл істі Жамбыл облысы Полиция департаменті толық әрі әділ тергейді деген сенім білдірілді. Зүлфия Төленова уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның үстінен «Азаптау» және «Екі немесе одан да көп баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ал қарамағындағы балаларды медициналық қызметкерлер тексерді. Олар мамандандырылған балалар мекемесіне орналастырылды. Құндыз бен Назгүл арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды.

Ұқсас материалдар

«Асыранды балаларды ұрған»: 17 жыл құлдықта болған апалы-сіңлінің қамқоршысы туралы тың дерек шықты · Todayinfo