Атырауда жергілікті ақын-жазушылар шығармашылығы сахналанды
Атырауда өңірдің мәдени өміріндегі маңызды оқиғаларының біріне айналған «Кітап FEST» фестивалі өтуде. Фестивальдің көркін балаларға арналған мюзикл мен жергілікті қаламгерлердің шығармашылығына негізделген театрландырылған қойылым қыздыра түсті. Оған Әбу Сәрсенбаев, Зейнолла Қабд

Атырауда өңірдің мәдени өміріндегі маңызды оқиғаларының біріне айналған «Кітап FEST» фестивалі өтуде. Фестивальдің көркін балаларға арналған мюзикл мен жергілікті қаламгерлердің шығармашылығына негізделген театрландырылған қойылым қыздыра түсті.
Оған Әбу Сәрсенбаев, Зейнолла Қабдолов, Ғабдол Сланов, Фариза Оңғарсынова, Жұмекен Нәжімеденов, Хамит Ерғалиев, Нұралы Әжіғалиев, Рахымжан Отарбаев, Аманқос Ершуов, Қажымұқан Елемес сынды белгілі қаламгерлердің шығармашылығы арқау болды.
Қойылым барысында кітаптың адам өміріндегі орны мен маңызы айшықталып, әдеби мұраны қастерлеу, оны көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа аманат ету идеясы кеңінен көрініс тапты. Театр өнері арқылы әдебиет әсерлі әрі заманауи форматта ұсынылып, жас буынның кітапқа, сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етті.
Қорыта айтқанда, бұл әдеби қойылым – өткен мен бүгінді жалғап, рухани мұраны сахна тілімен сөйлеткен, жас ұрпақтың жүрегіне кітаптың құндылығын ұялатқан тағылымды мәдени жобаға айналды.
Ұқсас материалдар

Атырау облысы
Таза Казакстан: В Атырау среди молодежи прошел интеллектуальный конкурс «Eco Quiz»
Жаннұр Еділбаева·

Атырау облысы
Таза Қазақстан: Атырауда жастар арасында «Eco Quiz» интеллектуалдық сайысы өтті
Жаннұр Еділбаева·

Атырау облысы
Атыраудағы «Қазыналы Каспий – 2026» фестивалі балық шаруашылығының болашағын талқылады
Todayinfo редакциясы·

Атырау облысы
Азербайджан делает ставку на высокотехнологичную аквакультуру и восстановление икорного экспорта
Todayinfo Admin·