Todayinfo.kz
Атырау облысыБарлық жазбаларды қарау

Атыраудағы лотос алқабы басты туристік бағытқа айналды

Биылғы жартыжылдықта Атырауға 83 мыңнан астам турист келген. Әсіресе, ортағасырлық Сарайшық пен Қиғаш өзеніндегі Лотос алқабы туризмді дамытудағы басты бағыттарға айналған. Бұл туралы өңір әкімі Серік Шәпкенов есептік кездесуінде айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агентті

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Атыраудағы лотос алқабы басты туристік бағытқа айналды
Биылғы жартыжылдықта Атырауға 83 мыңнан астам турист келген. Әсіресе, ортағасырлық Сарайшық пен Қиғаш өзеніндегі Лотос алқабы туризмді дамытудағы басты бағыттарға айналған. Бұл туралы өңір әкімі Серік Шәпкенов есептік кездесуінде айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
— Биыл 247,9 шақырым жол жөнделді. Нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 78%-дан 83%-ға дейін өсті. Жолаушыларға сапалы қызмет көрсету үшін автожол, авиа және теміржол тасымалында да жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. 90 жаңа автобус сатып алынып, оның 48-і пайдалануға берілді, — деді Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Бұдан бөлек, Атырау қаласының теміржол вокзалы мен аудандардағы 9 теміржол вокзалы жаңғыртылып жатыр. Әуе қатынасын дамыту бойынша «Ашық аспан» режимі аясында 6 жаңа бағыт ашылды.
— Бұл көрсеткіш алдағы жылдары 10 бағытқа жетеді. Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайды жаңғыртуға 2026 жылға 50 млн доллар көлемінде инвестиция тартылды, — деді облыс әкімі.
Биылғы жартыжылдықта өңірге 83 мыңнан астам турист келіп, көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 19%-ға артқан. Туризмді дамытуға бағытталған инвестиция көлемі де екі есеге өсіп, 32 млрд теңге болды.
— Туризімді дамытудағы басты бағыттар — ортағасырлық Сарайшық пен Қиғаш өзеніндегі Лотос алқабы. Биыл алғаш рет Қиғаш өзеніндегі табиғи лотос алқабында халықаралық Lotus Fest фестивалі өтті. Шараға 20 мыңнан астам турист қатысты, — деді Серік Шәпкенов.

Ұқсас материалдар