"Бүгіннен бастап жергілікті баспасөздің қарашаңырағы – “Жайық Пресс” ЖШС бас директорының орынбасары қызметіне тағайындалдық. Ғұмырымыздың ширек ғасырын БАҚ саласына арнағаннан кейін мұны да бір үлкен сенім, артылған жүк деп қабылдадық. Енді білек сыбанып іске кірісеміз", - деп жазды журналист.Тоқтар Ғабдірешұлы бұған дейін ұзақ жылдар бойы өңірлік журналистика саласында еңбек етіп, мол тәжірибе жинаған маман ретінде танымал. Фото: Әлеуметтік желіден
Іске кірісеміз: белгілі журналист "Жайық Пресс" басшысының орынбасары болды
Батыс Қазақстан облысындағы "Жайық Пресс" медиахолдингі бас директорының орынбасары болып белгілі журналист Тоқтар Ғабдірешұлы тағайындалды.

Батыс Қазақстан облысындағы ірі медиахолдинг саналатын «Жайық Пресс» серіктестігінде кадрлық өзгеріс болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Медиахолдинг бас директорының орынбасары қызметіне өңірге танымал журналист Тоқтар Ғабдірешұлы тағайындалды. Ол бұл жаңалығымен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Ұқсас материалдар

Батыс Қазақстан
БҚО-да 1 млрд теңгелік инвестициялық жоба іске қосылды
Жаннұр Еділбаева·

Батыс Қазақстан
«Мөлдір бұлақ»: БҚО-да республикалық тазалық акциясы өтті
Жаннұр Еділбаева·

Батыс Қазақстан
Абай полиция бөлімінің әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді
Айдар Керім·

Батыс Қазақстан
Батыс Қазақстан облысында Домбыра күні аясында 100-ден астам іс-шара өтті
Жаннұр Еділбаева·