Білім министрлігі биылғы 1-қыркүйектен бастап 1-сыныпқа 350 мың бала баратынын хабарлады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 мыңға көп.
Жаңа оқу жылында 47 жаңа мектеп ашылады, олардың 12-і Алматы, Астана және Шымкент шаһарларында. Қалғаны облыс орталықтарында.
Министрлік мұғалімдер тапшылығы мәселесін шешу бойынша да арнайы бағдарлама іске қосады. Жас педагогтарды ауылдық жерлерге тарту үшін 10 миллион теңгелік грант беріледі.




