Боксшы Айбек Оралбай әлем чемпионатының алтын жүлдесі үшін бақ сынайды
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалына өтті, деп хабарлайды Todayinfo . Қазақстандық боксшы 90 келіден жоғары салмақта екі дүркін Олимпиада чемпионы Хулио Сезар Ла Круспен (Куба) өзара

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалына өтті, деп хабарлайды Todayinfo.
Қазақстандық боксшы 90 келіден жоғары салмақта екі дүркін Олимпиада чемпионы Хулио Сезар Ла Круспен (Куба) өзара мықтыны анықтады. Айбек Оралбай алғашқы раундтан-ақ тізгінді қолына алды. Екінші және үшінші кезеңде басымдығын сақтап қалған жерлесіміз жеңіске жетті. Осылайша, Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) әлем чемпионатының алтын жүлдесі үшін бақ сынайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін әйелдер арасында Аида Әбікеева әлем біріншілігінің финалына жолдама алған болатын. Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Мэрри Уолшпен (Ирландия) кездесті. Алғашқы раунд ирландиялық боксшының пайдасына аяқталды. Дегенмен жерлесіміз екінші және үшінші үш минуттықта тізгінді қолына алып, жеңіске жетті.
Ал Санжар Тәшкенбай 50 келіге дейінгі салмақтың 1/4 финалында Сингх Мандегбаммен (Үндістан) өзара мықтыны анықтады. Жерлесіміз жекпе-жектің соңына дейін басымдығын сақтап, еш қиындықсыз жеңіске жетті. Осылайша, Санжар Тәшкенбай келесі кезеңде әлем чемпионатының финалына шығу үшін бақ сынайды.
Фото: ҰОК
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·