Todayinfo.kz
Жаңалықтар

Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қатарынан 11 жекпе-жекте жеңіске жетті

Қазақстандық боксшылар Астанада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Sports.kz. Жарыстың екінші күні шаршы алаңға алты боксшы шығып, барлығы жеңіске жетті. Жекпе-жек 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы турнир аясында өтті.

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қатарынан 11 жекпе-жекте жеңіске жетті
Қазақстандық боксшылар Астанада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.

Жарыстың екінші күні шаршы алаңға алты боксшы шығып, барлығы жеңіске жетті. Жекпе-жек 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы турнир аясында өтті.

Жекпе-жек қорытындысы төмендегідей:

48 кг. Ернар Қарап (Қазақстан) - Махер Аль-Машалех (Иордания) – Қарап төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.

54 кг. Нұрсұлтан Алтынбек (Қазақстан) - Деонисио Дови Монтерио Рамос (Шығыс Тимор) - Алтынбек бірауыздан жеңіске жетті.

57 кг. Ерболат Сабыр (Қазақстан) – Ислам Торобаев (Қырғызстан) – Сабыр бірауыздан жеңіске жетті.

63,5 кг. Ерасыл Таңқай (Қазақстан) - Асқатбек Чомонов (Қырғызстан) - Таңқай бірауыздан жеңіске жетті.

67 кг. Елнұр Сүйінбай (Қазақстан) - Омар Әл-Хадиди (Иордания) – Сүйінбай бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

71 кг. Сабыржан Аққалықов (Қазақстан) – Эльдар Турдубаев (Қырғызстан) – Аққалықов төрешілердің екі жақты шешімімен жеңіске жетті.

 

Ұқсас материалдар