БҚО әкімі тасқыннан кейін салынып жатқан үйлердің құрылысымен танысты
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев облыс көлемінде су тасқынынан зардап шеккендерге арналып са лынып жатқан үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысты. Ең алдымен өңір басшысы Қаратөбе ауданының Қоржынауылындағы 90 тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Құрылыс жұм

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев облыс көлемінде су тасқынынан зардап шеккендерге арналып салынып жатқан үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысты.
Ең алдымен өңір басшысы Қаратөбе ауданының Қоржынауылындағы 90 тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлергеқажетті құрылыс материалдарын толық қамтуды, құрылысжұмыстарына қосымша адам күшін тартуды жәнеқұрылысты мерзімінде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
Одан кейін облыс әкімі Нариман Төреғалиев Сырым ауданының Бұлдырты, Өлеңті, Жымпиты және Теректіауданының Аңқаты ауылдарында баспанасы су тасқыныкезінде жарамсыз деп танылған тұлғаларға арналыпсалынып жатқан үйлердің құрылыс жұмыстарын тексерді. Сырым ауданында барлығы 114, Теректі ауданында 131 тұрғын үй салынуда.
Өңір басшысы құрылыс жұмыстарына жауаптымердігерлермен кездесіп, жұмыс қарқынын қадағалады. Кездесу барысында Нариман Төреғалиұлы құрылысжұмыстарының уақытылы әрі сапалы жүргізілуін тапсырды.
Құрылыс сапасы мен оның уақытылы аяқталуы облысәкімінің қатаң бақылауында.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мангистауские мечети могут стать новым объектом Всемирного наследия ЮНЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Түркістан облысында ер адам анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Алматы – главное гастрономическое направление 2026 года
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Алматы – 2026 жылдың басты гастрономиялық бағыты
Жаннұр Еділбаева·