Алматы облысы Іргелі ауылындағы құрылыс базарында екі қабатты және бір қабатты құрылыс материалдары дүкендері өртенді, деп хабарлайды Todayinfo.
ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер келген кезде ашық жалын байқалған, өрт дамыған түрде болған. Жақын маңдағы ғимараттарға өрттің таралу қаупі туындаған.
Өрт жалпы ауданы 248 шаршы метрде сөндірілді. ТЖМ дерегінше, зардап шеккендер жоқ.
Бұған дейін Іргелідегі көпқабатты үйде болған өрт ірі апатқа әкеп соқтырмай қалғаны хабарланған.




