Todayinfo.kz
СпортБарлық жазбаларды қарау

Допинг дауына іліккен Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағын сақтап қалды

Фото: instagram.com/qazaqstyle Оның есімі Бүкіләлемдік бокс ұйымының жаңартылған рейтингінде төбе көрсетті.  Қазақстандық боксшының 72,5 келіге дейінгі орта салмақтағы чемпиондық белдігі әлі де сақталған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Жаңартылған тізімнің үз

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Допинг дауына іліккен Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағын сақтап қалды
Фото: instagram.com/qazaqstyle Оның есімі Бүкіләлемдік бокс ұйымының жаңартылған рейтингінде төбе көрсетті.  Қазақстандық боксшының 72,5 келіге дейінгі орта салмақтағы чемпиондық белдігі әлі де сақталған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Жаңартылған тізімнің үздік үштігінде Ұлыбритания өкілі Дензел Бентли, Венесуэла боксшысы Эндри Сааведра және кубалық Йоэнлис Эрнандес тұр. Допинг дауы бола тұра, Бүкіләлемдік бокс ұйымы Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық мәртебесін өзгертпей отыр. Осыған дейін спорт саласындағы белгілі тұлға Камил Гаджиев істің соңы боксшының барлық атағынан айырылуына әкелуі мүмкін екенін жеткізді. Десе де, қазақстандық спортшы Халықаралық бокс федерациясы нұсқасы бойынша да чемпиондық белдігін сақтап қалған. Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлының сынамасынан тыйым салынған зат табылып, оған арнайы тексеру басталған еді. Осы күні боксшы тексеру аяқталғанға дейін жекпе-жектерге қатысудан уақытша шеттетілген.

Ұқсас материалдар