Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Экс—министр Ғани Бейсембаев үшін мектеп мұғалімі мен ғалым соттаспақшы

Танымал белсенді ұстаз Өмір Шыныбекұлы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкері Гүлшат Жолдыбайқызына қатысты сотқа арыз түсіруі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Бұған себеп — Гүлшат Жолдыбайқызының әлеуметтік желідегі пар

Авторы Айғаным Нариманова··2 мин оқу
Экс—министр Ғани Бейсембаев үшін мектеп мұғалімі мен ғалым соттаспақшы

Танымал белсенді ұстаз Өмір Шыныбекұлы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкері Гүлшат Жолдыбайқызына қатысты сотқа арыз түсіруі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Бұған себеп — Гүлшат Жолдыбайқызының әлеуметтік желідегі парақшасында ардагер ұстаз Өмір Шыныбекұлына қатысты жазба жариялауы.

Осы жағдайға байланысты Өмір Шыныбекұлы арнайы мәлімдеме жасап, өзіне тағылған бірқатар айыптаулармен келіспейтінін айтты. Оның сөзінше, ол Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа қарсы петиция жазбаған. Алайда 2023 жылдың мамырынан желтоқсан айының соңына дейін полиция мен сот органдарына шақыртылып, түрлі тексерістерге тап болған соң, президентке министрдің қызметтен кетуін сұрап үндеу жолдағанын жеткізді.

Сондай-ақ ол 2024 жылы «Мақсатты мектеп» жобасына қарсы петицияға қол қоймағанын, себебі бұл жоба өзі жұмыс істейтін мектепке қатысы болмағандықтан, моральдық тұрғыда дұрыс деп санамағанын атап өтті. Дегенмен аталған жобаны «шикі» деп бағалап, оған қарсылығын ашық білдіріп жүргенін айтты.

Өмір Шыныбекұлы Конституцияға сәйкес әрбір азаматтың заң шеңберінде үндеу жасауға және петицияға қол қоюға құқылы екенін еске салды. Сонымен қатар ол 2015 жылы қабылданып, 2016 жылдан бастап күшіне енген «Қоғамдық кеңестер туралы» заңның мақсаты мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету екенін атап өтті.

Белсенді ұстаздың айтуынша, осындай қарапайым құқықтық нормаларды білмеу Ұлттық білім академиясының беделіне нұқсан келтіруі мүмкін. Ол өзіне қатысты жалған ақпарат пен жала жабу деректері үшін кешірім сұралмаса, сотқа жүгінуге мәжбүр болатынын жеткізді.

Өмір Шыныбекұлы сот барысында бірқатар мәлімдемелердің дәлелденуі тиіс екенін атап өтіп, әлеуметтік желі арқылы кешірім сұрауға мүмкіндік бар екенін де айтты.

Ұқсас материалдар

Экс—министр Ғани Бейсембаев үшін мектеп мұғалімі мен ғалым соттаспақшы · Todayinfo