ІІМ «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының басталғанын хабарлады. Осы уақыт аралығында Алматыда патрульдер мен тексерулер саны артады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, қызметкерлер күшейтілген режимге көшеді. Негізгі мақсат – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қала жолдарындағы жағдайды бақылау.
«ЖПІШ өткізу кезеңінде полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет етеді. Қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, көше қылмысын жоюға, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады», – деп хабарлады ІІМ.




