Зерттеуге сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың басқа мемлекеттерінде бағаның өсуі айтарлықтай байқалмаған. Тұтынушысы көп Ресейде автокөлік бар болғаны 1,4%-ға, Қырғызстанда – 0,2%-ға ғана қымбаттаған. Ал Армения мен Беларусьте 2024 жылдың маусымымен салыстырғанда көлік бағасы аерісінше төмендеген. ЕАЭО-қа мүше елдерде орташа өсім 2,2%-ды құрады.
Қазақстанда 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында автокөліктер 9,3%-ға қымбаттаса, Ресейде 2,8%-ға қымбаттады. Одақтың басқа елдері айтарлықтай өзгерістерді тіркеген жоқ.
Сонымен қатар Қазақстанда ЕАЭО елдері арасында азық-түлік емес тауарлар мен қызметтер бағасы ең көп қымбаттаған. Ал азық-түлік тауарларының бағасы бірқалыпты өскен, тіпті одақтық орташа деңгейден төмен болды. Тіптен қытайдан қаптап келіп жатқан, сапасы күмәнді көліктердің құны да қымбаттап кеткен. Ал жаңа көліктерді жоғары үстеме бағамен сататын автосалондар елге танымал бірнеше олиграхқа тиесілі.«Біз жаңа көліктер құнының күрт өскенін байқап отырмыз. Олар бір жыл ішінде 21,3%-ға қымбаттады. Сонымен бірге ескі көлік бағасы төмендеді», - деп атап өтті Бірінші кредиттік бюро.




