Todayinfo.kz
Жаңалықтар

Иран БҰҰ-ға ресми шағымданды: Украина бізге қарсы соғысқа араласып жатыр

Иран БҰҰ-ға Украинаның үстінен ресми шағым түсірді. Тегеранның пікірінше, Киевтің араб елдеріне мамандар жіберуі — АҚШ пен Израильдің агрессиясына қатысу.

Авторы Мухтар Жексенбаев (журналист)··1 мин оқу
Иран БҰҰ-ға ресми шағымданды: Украина бізге қарсы соғысқа араласып жатыр

Иран билігі Украинаны АҚШ пен Израильдің Тегеранға қарсы бағытталған "агрессиясына" қатысы бар деп ресми түрде айыптады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Иранның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі Әмір Саид Иравани БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке және Қауіпсіздік кеңесіне жолдаған ресми хатында мәлімдеді.

Тегеранның пайымдауынша, Украинаның араб елдеріне дронға қарсы күрес жөніндегі мамандарды жіберуі Иранға қарсы тікелей дұшпандық әрекет саналады.

"Украинаның аймаққа жүздеген сарапшыны жіберуі — Иранға қарсы бағытталған заңсыз әскери әрекеттерге нақты және операциялық қолдау көрсетумен тең", - делінген Ираванидің хатында.

Иран бұл қадамды өз елінің қауіпсіздігіне төнген қатер ретінде бағалап, халықаралық қауымдастықтың назарын аударуды сұрады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар