Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

Танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың белгілі шоу барысында «КешYou» тобы жайлы айтқан сөзі әлеуметтік желілерде кеңінен таралды, деп хабарлайды Todayinfo. Жоба кезінде ол жас қатысушыға продюсерлер Баян және Бағым Мұхитденқыздарын таңдамауға кеңес беріп, көрермендердің назарын өзіне

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
Танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың белгілі шоу барысында «КешYou» тобы жайлы айтқан сөзі әлеуметтік желілерде кеңінен таралды, деп хабарлайды Todayinfo. Жоба кезінде ол жас қатысушыға продюсерлер Баян және Бағым Мұхитденқыздарын таңдамауға кеңес беріп, көрермендердің назарын өзіне аударды.
«Мына екі кісіні таңдасаң, әрі кетсе «КешYou-ге» барасың. Саған қамқоршы болатын аға керек. Сені қорғап, қолдап жүретін адам керек. Сен соны ойла. «КешYou-де» 1-2 жыл жұмыс істейсің, содан кейін жоғаласың. Бұл қыз сахнада көп жүру керек. Жақсы әрі мықты адамдармен жұмыс істеуі керек», – деді Беспаев.
Әншінің бұл сөзіне топтың продюсері Бағым Мұхитденқызы жауап берді.
«КешYou-ден»  кім жоғалды? Біз жеке жобалармен де жұмыс істейміз. Және олар көп», – деді музыкалық продюсер.

Ұқсас материалдар

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді · Todayinfo