«Қазмұнайгаз» компаниясы Қашаған мұнай-газ кенішінде өндіріс көлемін келесі жылы тәулігіне 500 мың баррельге дейін арттыруды жоспарлап отыр. Қазір көрсеткіш — 400 мың баррель.
Жобаға жалпы инвестиция — 6 миллиард доллар. Қашаған Каспий теңізіндегі ірі мұнай кеніштерінің бірі болып табылады.
Үкімет бұл шара мемлекеттік бюджетке қосымша 2 трлн теңге кіріс әкеледі деп есептеп отыр.




