«Көлік пен пәтер сатып алған»: Шымкентте мектеп бухгалтері 400 млн ақша жымқырған
Шымкент қаласында мектептің бас бухгалтері аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырғаны және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды todayinfo.kz Сот материалдарына сәйкес, айыпталушы мемлекетке 451 173 978 теңге мөлшерінде материалдық шығын келт

Шымкент қаласында мектептің бас бухгалтері аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырғаны және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды todayinfo.kz
Сот материалдарына сәйкес, айыпталушы мемлекетке 451 173 978 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірген. Ол қылмыстық жолмен алынған қаражатқа автокөліктер, пәтерлер, жер телімі және бағалы қағаздар сатып алған.
Сотта әйел кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкініш білдірді және жазаны өтеуді кейінге қалдыруды сұрады. Сот оның бұл өтінішін, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларының барын ескерді.
Сот, әйелді Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы, 218-бабы 3-бөлігінің 1, 3-тармақтары бойынша кінәлі деп танып, түпкілікті 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Фото: baq.kz/ Арман Мухатов
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
"ҚазТАГ" журналистиканың негізгі ережесін орындамады - «Фридом Финанс» қорғаушысы
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Адвокат «Фридом Финанс»: "КазТАГ" демонстрирует пренебрежение к требованиям компании
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Шымкент – Астана рейсінде 7,6 млн теңге ұрланды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Өткір қырлы пластик жұтып қойған: Алматы дәрігерлері он айлық сәбиді өлім аузынан алып қалды
Жаннұр Еділбаева·