"Сондай-ақ Абай облысы Семей қаласының тұрғыны жаңа Конституция жобасында мемлекеттің унитарлығы мен аумақтық тұтастығына күмән келтіретін түзетулер бар деген жалған ақпарат жариялағаны үшін жауапқа тартылған. Аталған қағидаттар жаңа Конституция жобасында керісінше тікелей бекітіліп, күшейтілген", – делінген хабарламада.Ішкі істер министрлігінің Конституция жобасын талқылау, азаматтардың өз пікірлері мен ұстанымдарын білдіруі заң бұзушылық болып саналмайтынын атап өтті. Жауапкершілік тек көрінеу жалған ақпарат тарату және фактілерді әдейі бұрмалау үшін көзделеді. Қазір азаматтарды жаңылыстыруға және қоғамдық ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған өзге де жалған ақпарат тарату фактілері анықталып жатыр. Ведомство өкілдері азаматтарды арандатуға ермеуге, тек ресми әрі тексерілген ақпарат көздеріне сенуге шақырды. ІІМ мәліметінше, көрінеу жалған ақпарат тарату мен арандатушылық әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Конституция төңірегіндегі фейкке тосқауыл: Ішкі істер министрлігі қатаң ескерту жасады
Әлеуметтік желіде Конституция жобасына қатысты жалған әрі арандатушылық ақпараттың таралуы жиілеген. Осыған байланысты ішкі істер министрлігі азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырып, заң бұзғандар жауапқа тартылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порта

Әлеуметтік желіде Конституция жобасына қатысты жалған әрі арандатушылық ақпараттың таралуы жиілеген. Осыған байланысты ішкі істер министрлігі азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырып, заң бұзғандар жауапқа тартылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Ведомствоның хабарлауынша, қоғамдық кеңістікте, соның ішінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына қатысты фактілерді әдейі бұрмалау және жалған мәлімет тарату деректері тіркеліп отыр. Мұндай әрекеттер азаматтарды жаңылыстырып, қоғамдық тұрақтылыққа қауіп төндіреді.
Мысалы, Алматы қаласының тұрғыны интернетте жаңа Конституция жобасында жерді шетелдіктерге сатуға тыйым алып тасталды деген жалған ақпарат таратқан. Ішкі істер департаментінің басшысы Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, бұл мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді және оларды жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ресми түрде жоққа шығарған. Осыған байланысты азамат жауапқа тартылды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·