Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Күйеуіммен арамыз суып кетті»: Бишімбаев ісімен танымал прокурор басынан өтіп жатқан қиындықтарды айтты

Прокурор Айжан Аймағанова экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотынан кейін өмірінің қиындап кеткенін айтты, деп хабарлайды Todayinfo . «Бұл істен кейін өмірім түбегейлі өзгеріп кетті. Өзім негізінен көпшілік алдына шығып, жұрт назарына түскенді ұнатпаймын. Танымал болуды ешқашан ма

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
«Күйеуіммен арамыз суып кетті»:  Бишімбаев ісімен танымал прокурор басынан өтіп жатқан қиындықтарды  айтты

Прокурор Айжан Аймағанова экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотынан кейін өмірінің қиындап кеткенін айтты, деп хабарлайды Todayinfo.

«Бұл істен кейін өмірім түбегейлі өзгеріп кетті. Өзім негізінен көпшілік алдына шығып, жұрт назарына түскенді ұнатпаймын. Танымал болуды ешқашан мақсат етпегенмін. Қарапайым прокурор болып, отбасыммен және өз мәселелеріммен жүрген адам едім. Ал қазір көшеге шықсам, адамдар суретке түсіп жатады. Олардың ықыласына ризамын, бірақ прокуратурада қызмет істей жүріп, сонымен қатар көпшілік алдында танымал болу өте ауыр. Жолдасым бар, балаларым бар. Осы жағдайлардан кейін күйеуіммен арамыз суып кетті, келіспей қалатын сәттер болды. Жақында ғана екеуміз қарым-қатынасты қайта құра бастадық. Балаларыма да оңай болған жоқ, олар да мен туралы айтылатын әңгімелерді естіп қалады. Сондықтан бұл кезең маған оңай тиген жоқ», – деді прокурор журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында.

Айтуынша, ол бұл істен кейін танымал болатынын білмеген.

«Егер білгенімде, бұл істен бас тартар едім»,- деді ол.

Фото: скрин/instagram.com/aimaganova_a

Ұқсас материалдар

«Күйеуіммен арамыз суып кетті»: Бишімбаев ісімен танымал прокурор басынан өтіп жатқан қиындықтарды айтты · Todayinfo