Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Мәскеуге бет алған»: Шымкент аспанында екі ұшақ соқтығыса жаздады

Шымкентте шетелдік әуе компанияларына тиесілі екі ұшақ бір-біріне қауіпті жақын қашықтықта ұшып өтіп, соқтығыса жаздады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Оқиға 10 қаңтар күні таңертең болған. Екі әуе кемесі де Қазақстан аумағы арқылы транзитпен ұшқан. "Победа" әуе к

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Мәскеуге бет алған»: Шымкент аспанында екі ұшақ соқтығыса жаздады
Шымкентте шетелдік әуе компанияларына тиесілі екі ұшақ бір-біріне қауіпті жақын қашықтықта ұшып өтіп, соқтығыса жаздады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Оқиға 10 қаңтар күні таңертең болған. Екі әуе кемесі де Қазақстан аумағы арқылы транзитпен ұшқан. "Победа" әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы Внуково – Самарқанд бағытымен ұшса, Uzbekistan Airways компаниясына тиесілі Airbus A320 Термезден Мәскеуге бет алған. Қауіпті сәтте ұшақтар Шымкент әуежайының әуе диспетчерлерінің жауапкершілік аймағында болған.
"Бұл оқиға Азаматтық авиация қағидаларына сәйкес уәкілетті орган тергеп-тексеруі тиіс ауыр авиациялық оқиға ретінде жіктеледі", – деп хабарлады авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеу басқармасында.
Қазіргі таңда Көлік министрлігінде осы ауыр авиациялық инцидентті тергеу үшін арнайы комиссия құрылып жатыр.

Ұқсас материалдар

«Мәскеуге бет алған»: Шымкент аспанында екі ұшақ соқтығыса жаздады · Todayinfo