Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Мектептегі лаңкестік: Алматы полициясы күшейтілген режімге көшті

Фото: Алматы әкімдігі Алматы қаласында бірқатар мектептерде террористік актілер дайындалып жатқаны туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл жөнінде Алматы қаласы Полиция департаменті ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinf

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Мектептегі лаңкестік: Алматы полициясы күшейтілген режімге көшті

Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласында бірқатар мектептерде террористік актілер дайындалып жатқаны туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл жөнінде Алматы қаласы Полиция департаменті ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, қаладағы барлық білім беру ұйымдарындағы жағдай толық бақылауда. Полиция мен жедел қызметтер күшейтілген режимге көшіп, оқушылар мен педагогтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті барлық шараларды қабылдап жатыр.

Аталған жалған ақпаратты тарату дерегі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары басталды. Қазіргі уақытта фейк хабарламаның авторы мен таралу көзін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Оған қатысы бар тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Полиция азаматтарды сабыр сақтауға, дүрбелеңге берілмеуге және тек ресми дереккөздерге — мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының ақпараттарына ғана сенуге шақырды.

Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігіне қатысты көрінеу жалған мәлімет тарату ауыр құқық бұзушылық болып саналатыны және заңмен қатаң жазаланатыны ескертілді. Құқық қорғау органдары тексерілмеген хабарламаларды таратпауға және қайта жолдамауға үндейді.

Ұқсас материалдар

Мектептегі лаңкестік: Алматы полициясы күшейтілген режімге көшті · Todayinfo