Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы немересінің меншігіне өтті
Фото: azattyq.org Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы немересі Нұрәлі Әлиевтің меншігіне өтті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі Азаттық Радиосына сілтеме жасап. Басылымның мәліметінше, нысан бұған дейін экс-президентке

Фото: azattyq.org
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы немересі Нұрәлі Әлиевтің меншігіне өтті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі Азаттық Радиосына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, нысан бұған дейін экс-президентке қарасты қордың меншігінде болған.
Резиденция ресми түрде Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылының аумағына кіреді.
Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының дерегіне сәйкес, сарайдың қазіргі иесі – экс-президенттің жиен немересі Нұрәлі Әлиевке қарасты Service Engineering Group деген компания.
Жылжымайтын мүліктің Нұрәлі Әлиевтің қарамағына қандай шартпен ауысқаны туралы ашық ақпарат жоқ.
Service Engineering Group-тың түпкі иесі былтыр "Capital Holding" ЖШС және "Darmen Holding" ЖШС деген екі компания болған. Бұлардың ішінде Darmen Holding-тың түп төркіні Нидерланд офшорында тіркелген Greatex Capital Holding B.V. деген компания. Forbes.kz мәліметінше, Әлиев Қазақстандағы активтерін осы компаниялар арқылы басқарады.
Нұрәлі Әлиев Forbes есебінше, былтыр Қазақстандағы ең бай адамдар тізімінде 289 миллион доллармен 39-орынға жайғасқан. 2025 жылы ол елдегі байланыс саласындағы ірі активі "Транстелекомды" сатты.
Жылжымайтын мүліктің Нұрәлі Әлиевтің қарамағына қандай шартпен ауысқаны туралы ашық ақпарат жоқ.
Үшқоңыр резиденциясы 2014 жылы салынып, 2016 жылы ресми тіркеуден өткен. Сарайға дейін тас жол төселген, газ бен жарық тартылған. 2016 жылдан 2022 жылға дейін жылжымайтын мүлік Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының меншігіне жазылған.
Ал осыдан шамамен үш жыл бұрын түрмеде жатқан Қайрат Сатыбалдының атында тұрған Үшқоңыр резиденциясы экс-президентке сыйға берілгені туралы ақпарат тараған еді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·