Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Өзекті өртер өкініш: сарапшы Ата Заңды өзгертудегі басты қателікті атады

Қаржы сарапшысы Айбар Олжай әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстан Конституциясының тіл мәселесіне қатысты пікірін бөлісті. Ол қазіргі өзгерістерді қысқаша сыни тұрғыдан талдап, тарихи мүмкіндіктің уақытын жібермеудің маңыздылығын еске салды. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпа

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Өзекті өртер өкініш: сарапшы Ата Заңды өзгертудегі басты қателікті атады

Қаржы сарапшысы Айбар Олжай әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстан Конституциясының тіл мәселесіне қатысты пікірін бөлісті. Ол қазіргі өзгерістерді қысқаша сыни тұрғыдан талдап, тарихи мүмкіндіктің уақытын жібермеудің маңыздылығын еске салды. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

– Скрин жасап алсаңыздар өте дұрыс болар еді. Кейін біз тарихи мүмкіндіктер секундын өткізіп алғанымызға қатты өкінуіміз мүмкін. Ата Заң күнде өзгеретін черновик емес, – деп жазды Олжай.

Айбар Олжайдың ойынша, Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде Конституцияда бір ғана тілдің, яғни қазақ тілінің аты нақты аталу керек. Қалған тілдерді «Қазақстан халқының тілдері» және «халықаралық тілдер» деп көрсету арқылы ешкімді ренжітпей, әділ норманы бекітуге болады.

– Қазір біздің Ата Заңымызда «орыс тілінің» бөлек аталып тұруы кейде манипуляция туғызуда. Тек қана қазақ тілінің аты нақты көрсетіліп, қалған тілдер Қазақстан халқының тілдері деп жазылуы дұрыс. Мысалы, кейін өзбек тілі, ұйғыр тілі немесе корей тілі басымдыққа ие болса, құжаттарды сол тілге аударуға мәжбүр болсақ не істейміз? – деп сұрады Олжай.

Оның ұсынысы бойынша, 9-бап мынадай болуы тиіс:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

  2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қажеттілік туған жағдайда Қазақстан халқының тілдері қолданыла алады.

  3. Мемлекет біртұтас Қазақстан халқының тілдерін үйрену және дамыту үшін жағдай жасауға қолдау көрсетеді.

Айбар Олжай өткен қателіктерге тоқталып, көрші елдер мысалын келтірді:

– Өткен қателіктері үшін өкініп жүрген халықтар аз емес. Шыңжаң, Шығыс Түркістан бойынша бауырлас ұлттың өкініші бар. 90-шы жылдары Ельцин тұсында мәселені реттемегеніміз үшін Татарстанның үлкен өкініші бар. Тәуелсіз мемлекет құруға екі мәрте мүмкіндік болған күрдтердің өкінішін айтсақ та болады. Бізге осыны ескеру керек еді. Кеш пе, кеш емес пе – білмедім, – деп жазды Олжай.

Ұқсас материалдар