Орал қаласында «FinIQ» қаржылық диктанттың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті
2025 жылғы 23 қазанда Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің алаңында 2025 жылғы 10–20 қазан аралығында өткен республикалық «FinIQ» қаржылық диктантының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Todayinfo. Өткізі

2025 жылғы 23 қазанда Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің алаңында 2025 жылғы 10–20 қазан аралығында өткен республикалық «FinIQ» қаржылық диктантының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Todayinfo.
Өткізілген диктанттың басты мақсаты –халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, ақпараттандыру және қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шараға облысымыздың 84 мыңнан астам тұрғыны қатысты. Олардың қатарында мектеп оқушылары, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, студенттер, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ қаржылық мониторинг субъектілері болды.
Салтанатты шара Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшылық құрамы, «Аманат» партиясы және Халық банкінің өкілдерінің қатысуымен өтті. Қаржылық диктанттың 10 жеңімпазы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Республикалық диктанттың өткізілуі азаматтардың өз қаржылық ресурстарына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және қаржылық қауіпсіздік мәдениетін нығайту жолындағы маңызды қадам болды.
Ұқсас материалдар

Батыс Қазақстан
БҚО-да 1 млрд теңгелік инвестициялық жоба іске қосылды
Жаннұр Еділбаева·

Батыс Қазақстан
«Мөлдір бұлақ»: БҚО-да республикалық тазалық акциясы өтті
Жаннұр Еділбаева·

Батыс Қазақстан
Абай полиция бөлімінің әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді
Айдар Керім·

Батыс Қазақстан
Батыс Қазақстан облысында Домбыра күні аясында 100-ден астам іс-шара өтті
Жаннұр Еділбаева·