Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Қашып жүре бермей, полицияға арыз жаз»: журналист 21 жастағы студенттің өлімінен кейін қыздар қауымына үндеу жасады

Фото: видео скриншот Журналист Гүлмира Әбіқай елді дүр сілкіндірген Шымкенттегі қайғылы оқиғадан кейін қыздарға үндеу жасады. Ол сталкингке ұшыраған қыздарға бірден құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. «Мөлдіреген жанарың…Ж

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Қашып жүре бермей, полицияға арыз жаз»: журналист 21 жастағы студенттің өлімінен кейін қыздар қауымына үндеу жасады
Фото: видео скриншот Журналист Гүлмира Әбіқай елді дүр сілкіндірген Шымкенттегі қайғылы оқиғадан кейін қыздарға үндеу жасады. Ол сталкингке ұшыраған қыздарға бірден құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
«Мөлдіреген жанарың…Жанары мөлдіреп кете барды… Аялап, әлпештеп өсірді, қу аяқ жолықты да өмірін қиды. Қандай қатыгез, әділетсіз жағдай… 21 жасар Нұрай әулет пен ауылдың мақтанышы еді. Өз қатарынан жалғыз өзі мектепті алтын белгімен бітірген түлек. Өнерлі, ісмер, еңбекқор, зерек қыздың арманы асқақ еді. Алматыға оқуға түсіп, күніне сан қиял, мың мақсатпен қадам басты. Қыр соңынан қалмаған жігітке ЖОҚ деп қарсылығын айтқаны сол екен қыршын өмірі қиылды. Аңырап қалған анасына, қаралы әулетке қайғыра көңіл айтамын. Бұл қайғы барша ананың жүрегін ауыртып, бүкіл қыздардың жанын шайлықтырды. Айналайын қыздар (келіншектер) “Сталкинг” туралы Қылмыстық кодекс бар. Егер, танитын (танымайтын) жігіт ұнамаса, бірақ қыр-соңыңнан қалмай мазаңды алып, жеке өміріңе араласып, күштеп, мәжбүрлеп, қинап жатса қашып жүре бермей, полицияға арыз жаз! Ешкімнің ешкімді аңдуға, жеке өміріне қол сұғуға, қарсылығына қарсылық танытуға хақы жоқ! Әр ұл әр қызға қарындасындай қамқорлықпен қарайтындай тәрбие берейік!», — деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.
Сондай-ақ, ол қазіргі қоғамда жігіттер қауымының тәрбиесі туралы сөз етті.
”Жанары мөлдіреп кете барды. Аялап, әлпештеп өсірді, қу аяқ жолықты да өмірін қиды. Қандай қатыгез, әділетсіз жағдай… 21 жасар Нұрай әулет пен ауылдың мақтанышы еді. Өз қатарынан жалғыз өзі мектепті алтын белгімен бітірген түлек. Өнерлі, ісмер, еңбекқор, зерек қыздың арманы асқақ еді. Алматыға оқуға түсіп, күніне сан қиял, мың мақсатпен қадам басты. Қыр соңынан қалмаған жігітке ЖОҚ деп қарсылығын айтқаны сол екен қыршын өмірі қиылды. Аңырап қалған анасына, қаралы әулетке қайғыра көңіл айтамын. Бұл қайғы барша ананың жүрегін ауыртып, бүкіл қыздардың жанын шайлықтырды. Айналайын қыздар (келіншектер) “Сталкинг” туралы Қылмыстық кодекс бар!!! Егер, танитын (танымайтын) жігіт ұнамаса, бірақ қыр-соңыңнан қалмай мазаңды алып, жеке өміріңе араласып, күштеп, мәжбүрлеп, қинап жатса қашып жүре бермей, полицияға арыз жаз! Ешкімнің ешкімді аңдуға, жеке өміріне қол сұғуға, қарсылығына қарсылық танытуға хақы жоқ! Әр ұл әр қызға қарындасындай қамқорлықпен қарайтындай тәрбие берейік”, — деп жазды журналист.
Естеріңізге салсақ, 21 жасар қыз пышақ жарақатынан қаза тапқан еді.

Ұқсас материалдар

«Қашып жүре бермей, полицияға арыз жаз»: журналист 21 жастағы студенттің өлімінен кейін қыздар қауымына үндеу жасады · Todayinfo