Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Қателігін қанмен жуған патша»: Саддам Хусейннің түбіне жеткен соғысқа 35 жыл толды

Дәл осыдан 35 жыл бұрын араб түбегі, анығында парсы даласында аяусыз тағы бір ауыр   соғыс басталған болатын. Саддам Хусейн Кувейтке басып кірген еді. 1990 жылы тамыздың екісінен үшіне қараған күні   Ирактың әскері Кувейт жеріне үш бағыттан шабуыл жасады. Бұл кейін үлке

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
«Қателігін қанмен жуған патша»: Саддам Хусейннің түбіне жеткен соғысқа 35 жыл толды

Дәл осыдан 35 жыл бұрын араб түбегі, анығында парсы даласында аяусыз тағы бір ауыр соғыс басталған болатын. Саддам Хусейн Кувейтке басып кірген еді. 1990 жылы тамыздың екісінен үшіне қараған күні  Ирактың әскері Кувейт жеріне үш бағыттан шабуыл жасады. Бұл кейін үлкен соғысқа ұласып қана қоймай, Ирактың күйреуіне әкелген қате шешіммен тарихта қалды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

Хусейн өзінің шабуылын түрлі себеппен ақтауға тырысып баққан.

«Ол Кувейт билігі Румайла аймағында мұнайды заңсыз бұрғылап жатыр деді. Сонымен бірге мұнай бағасын түсіріп, Ирактың экономикасына соққы жасағанын айтты. Кувейт жері тарихи тұрғыдан Иракқа тиесілі деген құжатты Ирак парламенті көрсетті»,  - деп жазды саясаттанушы Асхат Қасенғали.

Кувейтке шабуылдаудан  бұрын 1980-88 жылдары Иран мен Ирак соғысты. Ирак бірқатар араб елдерінен млрдтаған доллар қарыз алды. Солардың бірі Кувейт болатын.

«Соғыстан кейін Бағдат ол қарызды қайтара алмайтын жағдайда болды. Сөйтіп «Кувейт мұнайды даулы аймақта заңсыз өндіруде» деп айыптап, қарызды сызып тастауды талап етті. Жалпы Саддам Кувейтке 16 млрд доллар қарыз болатын. Кувейт ол талапты орындаудан бас тартты. Сөйтіп Саддам соғысқа дайындалып, басып кірді. Ол мұнайы көп Кувейтті басып алып, экономикасын қалпына келтіруді ойлады. Қарызды жауып, әскерін реформалауды жоспарлады», — дейді саясаттанушы.

Хусейн Кувейтке 90 мың әскермен басып кірді. Оның әскерін 500-ге жуық танк, 200-ге жуық ұшақ қолдады. Мыңдаған бронды жеңіл техника да соғысқа тартылды. Осылай  тамыздың алғашқы түнінде ол Кувейтке кіріп, қиян-кескі шайқасқа түсті.

«Кувейттің әскері аз әрі әлсіз еді. Ирак оның әскерін жылдам талқандап тастады. Мыңнан астам бейбіт тұрғын өлтірілді. Кувейттің әмірі Саудияға қашты. Саддам Кувейтті Ирактың 19-шы аймағы етіп жариялады. Кувейттің әмірі етіп атышулы Әли Хасан әль-Мажидті тағайындады. Әль-Мажид Кувейттің атын «Саддамия» деп өзгертті. Саддамның қуанышы ұзаққа созылмады. БҰҰ Саддамның әрекетін айыптады. Санкция салды. Кейін АҚШ бастаған ондаған ел коалиция құрып, Ирак әскерін Кувейттен қуып шықты. 1991 жылдың ақпанында Кувейт азат етілді. Әйгілі «Шөл дала қалқаны», «Шөл дала бораны» операциялары өтті. Ирактың әскері тас-талқан болып жеңілді.

Саддам кейін бұл ісіне өкініп, Кувейттен кешірім сұрады. Кувейт кешірмеді. Ирак ұзақ жылдар бойы өтемақы төледі. Кемі 60 млрд доллар аударды. 35 жыл болыпты...»,  — деді ол.

Кейін АҚШ әскері Иракты толық бағындырып қана қоймай,  Саддам Хусейнді дарға асты. Айналасына тыныштық бермеген диктатор басшы  осылай өзінің де, елінің де түбіне жетті.

Фото:AFP

Ұқсас материалдар

«Қателігін қанмен жуған патша»: Саддам Хусейннің түбіне жеткен соғысқа 35 жыл толды · Todayinfo