Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қазақстанда жаңа зейнетақы мөлшері жарияланды

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елдегі орташа зейнетақы көлемін жариялады. Статистика Ведомство дерегінше, 2025 жылдың басынан бері республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 2 трлн 451,4 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде: базалық зейнета

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Қазақстанда жаңа зейнетақы мөлшері жарияланды

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елдегі орташа зейнетақы көлемін жариялады.

Статистика

Ведомство дерегінше, 2025 жылдың басынан бері республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 2 трлн 451,4 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде:

  • базалық зейнетақыға – 793 млрд теңге,

  • ынтымақты зейнетақыға – 1 трлн 658,4 млрд теңге бағытталды.

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 2 млн 497 мың зейнеткер бар. Орташа зейнетақы көлемі 143 097 теңге болды. Оның ішінде:

  • ынтымақты зейнетақы – 95 491 теңге,

  • базалық зейнетақы – 47 606 теңге.

Айта кетейік, 1 шілдеде орташа зейнетақы 143 529 теңге болған еді.

Өсім мен индексация

Министрлік еске салғандай, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы 6,5%, ал ынтымақты зейнетақы 8,5% өсті. Бұл инфляция деңгейінен 2 пайызға жоғары.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде минималды базалық зейнетақы жыл сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ал максималдысы – 120%-ына дейін жеткізілмек.

Ұқсас материалдар

Қазақстанда жаңа зейнетақы мөлшері жарияланды · Todayinfo