Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қазақстандық әнші «Жаңа толқын – 2025» байқауында жеңімпаз атанды

Қазақстандық әнші Alex Lim халықаралық жас орындаушылардың әйгілі музыка байқауы – «Жаңа толқын – 2025» жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Todayinfo . Байқау нәтижелері Жюри төрағасы Игорь Крутой финалда қазақстандық өнерпаздың жеңіске жеткенін жариялады. 2-орын – Ресейдің «Оберег»

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Қазақстандық әнші «Жаңа толқын – 2025» байқауында жеңімпаз атанды

Қазақстандық әнші Alex Lim халықаралық жас орындаушылардың әйгілі музыка байқауы – «Жаңа толқын – 2025» жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Todayinfo.

Байқау нәтижелері

Жюри төрағасы Игорь Крутой финалда қазақстандық өнерпаздың жеңіске жеткенін жариялады.

  • 2-орын – Ресейдің «Оберег» фолк-тобі.

  • 3-орын – ресейлік Jummy және қазақстандық Yernazar.

 
View this post on Instagram
 

A post shared by New Wave / Новая волна (@newwave_official)

Alex Lim туралы деректер

  • Туған жері – Балқаш.

  • Жасы – 33.

  • Жоғары білімін Ресейдің Тверь қаласында алған.

  • Арнайы музыкалық білімі жоқ, бірақ көптеген вокалдық байқауларға қатысып, тәжірибе жинаған.

  • «Жаңа толқын» тарихында жеңімпаз атанған алғашқы қазақстандық өнерпаз болды.

Байқау жайлы мәлімет

  • Өткізілген орны – New Wave Hall, Қазан (Татарстан, РФ).

  • Өткізу уақыты – 21–23 тамыз 2025 жыл.

  • Финалда 6 елден 13 қатысушы бақ сынады: Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь және Грузия.

 
View this post on Instagram
 

A post shared by New Wave / Новая волна (@newwave_official)

Маңызы

Alex Lim-нің жеңісі Қазақстанның эстрадасы үшін тарихи жетістік саналады. Бұл қадам отандық орындаушылардың халықаралық деңгейде танылуына жол ашып отыр.

Ұқсас материалдар

Қазақстандық әнші «Жаңа толқын – 2025» байқауында жеңімпаз атанды · Todayinfo