Todayinfo.kz
Жамбыл облысы

Қордайда қылмыстың алдын алу шаралары күшейтіледі

Қордай ауданында Жамбыл облысы прокурорының орынбасары Б.Мухамеджанның қатысуымен «Заң мен Тәртіп» қағидатын дәріптеу аясында қылмыстылықты алдын-алу шараларын күшейту мәселелері мекемеаралық мәжілісте қаралды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.  Прокуратурамен жыл

Авторы Мерей Сардарбаев··1 мин оқу
Қордайда қылмыстың алдын алу шаралары күшейтіледі
Қордай ауданында Жамбыл облысы прокурорының орынбасары Б.Мухамеджанның қатысуымен «Заң мен Тәртіп» қағидатын дәріптеу аясында қылмыстылықты алдын-алу шараларын күшейту мәселелері мекемеаралық мәжілісте қаралды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.  Прокуратурамен жыл басынан бері тіркелген қылмыс динамикасы сарапталып, зорлық-зомбылық, жасөспірімдер қылмысы, жол-көлік оқиғалары және интернет-алаяқтық қылмыстарының өсуіне әсер етіп отырған факторлар анықталды. Мәжіліс қорытындысымен профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша полицияның патрульдеу шараларын күшейту, білім беру ұйымдарында құқықтық түсіндіру жұмыстарын кеңейту және әлеуметтік тәуекел топтарымен жеке профилактиканы жетілдіруге тапсырмалар берілді.

Ұқсас материалдар