Референдум қарсаңында тәуелсіз бақылаушылардың ақпараттық штабы жұмысын бастайды
Іс-шара 15 наурызда өтетін республикалық референдум күні штабтың жұмысын ұйымдастыру мәселелеріне арналады. 13 наурыз күні Алматы қаласындағы Қоғамдық коммуникациялар орталығының (ҚКО) алаңында тәуелсіз бақылаушылардың Ақпараттық штабының екінші брифингі өтеді, – деп хабарлайды A
Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу

Іс-шара 15 наурызда өтетін республикалық референдум күні штабтың жұмысын ұйымдастыру мәселелеріне арналады.
13 наурыз күні Алматы қаласындағы Қоғамдық коммуникациялар орталығының (ҚКО) алаңында тәуелсіз бақылаушылардың Ақпараттық штабының екінші брифингі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кездесу барысында штаб өкілдері дауыс беру күні қоғамды жедел ақпараттандыру және мониторинг жүргізу жүйесі қалай ұйымдастырылатынын таныстырады. Сонымен қатар еліміздің әртүрлі қалалары мен өңірлерінен тікелей эфирдегі қосылымдар жоспарланып отыр. Ол өңірлерде тәуелсіз бақылаушылар жұмыс істейді. Олардың қатарында заңгерлер, оқытушылар, студенттер, қоғам белсенділері бар.
15 наурыз күні штаб «дауыс берудің тірі картасын» ұсынуды жоспарлап отыр. Яғни, елдің әртүрлі аймақтарындағы сайлау учаскелерінен тікелей қосылымдар ұйымдастырылады. Көрермендер тек ресми мәліметтермен ғана емес, сондай-ақ оқиға орнынан дайындалған репортаждармен, сайлаушылармен және ерекше локациялардан жасалған қосылымдармен де таныса алады.
Брифинг барысында штаб өкілдері өңірлік үйлестірушілермен өзара іс-қимыл, дауыс беру күніндегі жұмыс форматы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтардың жаңартылған ақпаратты, тікелей эфирлер мен сараптамалық материалдарды нақты уақыт режимінде қайдан көре алатыны туралы да айтып береді.
Ұқсас материалдар

Батыс Қазақстан
Кеңтүбек ауылында бұқаралық спортты қолдау бағытында нақты қадамдар жасалды
Жаннұр Еділбаева·

Батыс Қазақстан
Проведен совместный профилактический рейд
Мейіржан Әуелханұлы·

Батыс Қазақстан
В ЗКО собрали 760 тонн мусора с 423 локаций а один день в рамках акции «Таза Қазақстан»
Мейіржан Әуелханұлы·

Батыс Қазақстан
Металл бұйымдардан лофт жиһазына дейін: ауылдағы кәсіпкерліктің дамуы
Мейіржан Әуелханұлы·