Қостанай облыстық прокуратурасының ішкі қауіпсіздік қызметі ҰҚК департаментімен бірлесіп Рудный қаласының прокурорын ұстады. Бұл туралы мәліметті Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратты, деп хабарлайды Todayinfo.
Құзырлы органдардың мәлімдеуінше, ол қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын әрекет жасады деген күдікке ілінген. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
@Koza4kov_bot хабарлауынша, күдікті Рудный қаласының прокуроры Мұрат Успанов 20 миллион теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталған.Фото: Feepik




