Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Сорбұлақ апаты: министрлік қаза болған 3 ұшқыштың есімін атады

Алматы облысында апатқа ұшыраған Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 әскери тікұшағының экипаж мүшелерінің есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Todayinfo . Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қаза тапқандар: • майор Нұржігіт Үйсінбаев – 1-сыныпты ұшқыш, 930 сағат әуе нальоты; • ка

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Сорбұлақ апаты: министрлік қаза болған 3 ұшқыштың есімін атады

Алматы облысында апатқа ұшыраған Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 әскери тікұшағының экипаж мүшелерінің есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Todayinfo.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қаза тапқандар:

• майор Нұржігіт Үйсінбаев – 1-сыныпты ұшқыш, 930 сағат әуе нальоты;

• капитан Бахтияр Ержігітов – борттық техник, 300 сағат әуе нальоты;

• капитан Аман Амангелді – командирдің көмекшісі, 295 сағат әуе нальоты.

Барлығы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтын тәмамдаған, қызметте беделді болды.

Еске салайық, 25 шілдеде  EC-145 әскери тікұшағы Отар маңында радардан жоғалып кетті. Келесі күні Сорбұлақ көлінен тікұшақтың фрагменттері табылған.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Ұқсас материалдар

Сорбұлақ апаты: министрлік қаза болған 3 ұшқыштың есімін атады · Todayinfo